Шарын шатқалындағы сел: Дәрігерлер 11 жастағы қыздың жағдайы туралы айтты

0

Дәрігерлер Шарын шатқалында болған апаттан аман қалған 11 жастағы қыздың жағдайы туралы айтты

Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенованың айтуынша, ауруханаға әкелінген 11 жастағы оқушының жағдайы орташа ауыр болған.

«Баланың келген кездегі жағдайы орташа ауыр болды. Қабылдау бөлімінде мамандандырылған көмек көрсетіліп, нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Оған мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, орташа ауырлықтағы гипотермия, қолы және аяғының көп жері соғылған деген диагноз қойылды. Қазір жағдайы тұрақты», — деді балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Оның айтуынша пациент 7-10 күннің аралығында ем қабылдайды.

Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Шарындағы селден аман қалған қыз қалай құтқарылғанын айтып берді

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.