ШҚО-да әскери қызметкер өзін атып өлтірді

0

Өскемендегі 3477 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметкер өзін атып өлтірд

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады.

«29 мамырда бекетте қызмет ете отырып, 3477 әскери бөлімінің әскери қызметкері қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов  қарудан бас аймағына оқ атқан, нәтижесінде ол қаза болды», — деді баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп, қызметтік тергеу тағайындалған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.

«Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін Павлодар облысында полиция қызметкері өзіне оқ атқан еді. 

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.