Қоғамдық қабылдаудың халыққа пайдасы көп

0

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту жолдары нақты атап көрсетілген.

Онда халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға қатысты мәселелерді талдап қана қоймай, мәселені шешу жолдарын қарастыру басты мақсат екені меңзелген.

Осы мәселелердің шешім табуына тікелей қатысы бар Жолдаудағы бағыт «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы екені белгілі. Осы тұжырымдама жүктеген міндеттердің бүгінде жергілікті жерлерде жүзеге асырылу көрінісі Тараз қаласында байқалып жүр.

Мәселен шаһарға Ержан Жұматұлы әкім болғалы қала әкімдігі тарапынан тұрғындарымен байланысты нығайту , мүмкіндігінше кез келген азамат үшін ашықтықты қамтамасыз ету бағытында сан түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі – Ержан Жұматұлының бастамасымен әр жұма сайын қаланың барлық 11 аумақтық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізу ісінің қолға алынуы.

Қала әкімінің өзі және орынбасарлары, қалалық мәслихат хатшысы, халық қалаулылары, құқық қорғау органдары мен аталған әкімдіктің барлық бөлімдерінің басшылары жеке сұрақтарымен тұрғындарды қабылдаған алғашқы шара Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдында ұйымдастырылды. Ашық аспан астында өткізілген көшпелі қоғамдық қабылдаудың бір артықшылығы жұртшылық белгілі бір мекеменің есігін қағып немесе сарылып кезек күтіп отырмайды. Қабылдауға алдын ала жазылудың да қажеттілігі жоқ. Кімді қандай мәселе толғандырады, сол бойынша тұрғындар тиісті сала маманына жолығып, түйіткілдің шешім табуына мүмкіндік алады.

Мәселен өзін Қуанышбек деп таныстырған қала тұрғыны МАРТ ойын-сауық орталығы артындағы тұрғындардың бір мезгіл серуендеуіне арналған «Арбат 3» демалыс аумағы маңындағы сносқа кеткен тұрғын үйлердің бірінің қожайыны екен. Ол болашақта сүрілуі тиіс үйлерге берліп жатқан тұрғын үй құнымен келіспейтінін айтады.

Үйіміз сол маңдағы Адамбаев көшесінің бойында. Бұрын ол аумақ көк базар болып тұрғанда әжептеуір қаржы жұмсап осы баспананы сатып алғанмын. Тәуелсіз бағалаушылардың үйіміздің құнын бар болғаны 17 миллион теңгеге балағанына көңіліміз толмай, уәж айтуға келіп отырмын. Үйімнің аумағы 6 соттық. Ал үйімнің жапы ауданы 110 шаршы метір.

Баспанаға қосымша құрылыс жүргізу, жаңалау жұмыстарын 2014 жылы аяқтағанмын. 17 миллион теңгеге қазір бар болғаны көп қабатты үйлерден екі-ақ бөлмелі пәтер келеді. Ал тура менің баспанамменбірдей үйдің құны шамамен 35-40 миллион теңге тұрады. Мен 6 бөлмелі тәп-тәуір үйімді сүргізіп тастап, екі бөлмелі пәтрге барғым келмей отыр, – деді ол.

Бұл сұраққа жауап берген Тараз қаласының прокуроры Жамбыл Сманов: «егер сіз үйді бағалау парағымен таныссаңыз, және онда көрсетілген қаражат көлемімен келіспеген жағдайда, сотқа жүгінуге құқылысыз. Сот істі мәселеңізді қарап, мемлекеттік бағалаушы тағайындайды. Олар нарық құнын ескере отырып, үйіңізге қайта бағалау ісін жүргізеді», – деді Жамбыл Сырлыбекұлы.

Тағы бір қала тұрғыны Галина Нартаева қоғамдық қабылдауға қатысу арқылы «Екі қолға бір күрек табуды» мақсат етіпті. Ол өзінің көкейіндегі маәселесін жұмыспен қамту орталығының мамандарыны жеткізгеін сөз етті.

– Мұндай мүмкіндік бұрын-соңды болған емес. Бұрынырақта белгілі бір мәселемен мекеме басшыларына жолығуымыз мұң болатын. Жұртшылықтан қоғамдық қабылдау өткізілгелі жатқанын естіп, осында келдім. Осылайша тараз қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары еркінбек жаманкеевпен сөйлестім. Ол мені өзім тұратын аумақтағы жақын жердегі бір мекемеде ақылы қоғамдық негізде еңбек етуім үшін жұмысқа қабылданатынымды айтты, – деді бізбен әңгімесінде Галина Павловна.

Сол секілді Әлия сырлыбекова 2-3 жылдан бері денсаулығына байланысты мүгедектік алалмай жүр екен. Бұл бойынша қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев зерделеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Осы тектес қабылдауға келген тұрғындар шағым ретінде көшелердің жарықтандырылмауы, жөнделмеуі секілді коммуналдық қызметтер мен денсаулық сақтау мекемелерінің сапасыз қызмет ұсынуы сынды өзгеде әлеуметтік түйіткілдерді мәселе етіп көтерді. Оларға мамандар тарапынан заң аясында жауап берілді.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.