Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

0

Қазақстанда өткен тәулікте 1747 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Инфекцияны көп жұқтырған өңірлер көшін Қарағанды облысы мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бастап тұр. Ең азы Қызылорда облысында.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 246;
  • Алматы қаласы – 279;
  • Шымкент қаласы – 63;
  • Ақмола облысы – 127;
  • Ақтөбе облысы – 53;
  • Алматы облысы – 97;
  • Атырау облысы – 85;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 95;
  • Жамбыл облысы – 17;
  • Батыс Қазақстан облысы – 95;
  • Қарағанды облысы – 324;
  • Қостанай облысы – 42;
  • Қызылорда облысы – 13;
  • Маңғыстау облысы – 42;
  • Павлодар облысы – 105;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 40;
  • Түркістан облысы – 24.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 381 907 адамға жетіп отыр. Оның ішінде емделіп шыққаны 348 428 адам.

azattyq-ruhy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.