Саудакентте сайран салған жүгенсіз жүргізуші

0

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сарысу ауданы Саудакент ауылында рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде «ВАЗ-21099» маркалы Ресей Федерациясында тіркелген автокөлігінің жолдағы қозғалысы күдік тудырған соң, полицейлер оны тоқтатқан. Алайда, жүргізуші заңды талапқа бағынбай, жүрісін жалғастыра отырып, бой тасаламақ болған. Тәртіп сақшылары оны қуып жетіп, көлік жүргізушісін медициналық куәландыруға жеткізді.  Сараптама қорытындысына сәйкес, 39 жастағы Саудакент ауылы тұрғынының масаң күйде екендігі анықталды.

«Одан бөлек, жүргізушінің осыған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ол 20 тәулікке қамаққа алынды және оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 608-бабы 6-бөлігімен хаттама толтырылды. Аталған жүргізуші алкогольдік ішімдік ішіп көлік басқару арқылы өзінен бөлек, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді. Сондықтан, автокөлік жүргізушілеріне көлікке отырмас бұрын жауапкершілікті сезініп, ереже бұзбау қажеттілігін тағы да ескертеміз» — деді Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.