Аудандық мониторингтік топ рейдтік шараларды күшейтті

0

Мемлекеттің ең басты байлығы халқы саналады. Бүгінгі күні халқымыздың амандығы мен денінің саулығын басты назарға алған еліміз аты жаман індетпен күресуде.
Мамандардың айтуынша, санитарлық талаптарды бұзу фактілерінің басым бөлігі демалыс және мереке күндері тіркеледі. Осы орайда, күні кеше оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіруші түлектер мен аудан мектептерін 10,20,30 және 40 жыл бұрын бітірген түлектердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақтамай, той-жиын жасаудың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және рейдтік шаралар бойынша құрылған мониторингтік топтар бірнеше нысандары аралады.
Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, кейбір мейрамханалар мен демалыс орындарында тәртіп пен талаптың орындалмағаны анықталды. Мобильдік топ тарапынан той тарқатылып, той иелеріне хаттама толтырылып, тиісті мекемеге жолданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.