Вакцина салдыру шарасы жалғасуда

0

Т.Рысқұлов ауданында жаппай вакцинациялау қарқынды жалғасуда. Бүгінгі күннің өзінде өңірімізде ақпан — 17 мамыр айлары арасында барлығы 4850 доза вакцина толығымен салынды. Жалпы вакцина салғандар арасында — білім қызметкерлері — 1213, оның ішінде 920-ы педагогтар, мемлекеттік қызметшілер — 94, медицина қызметкерлері-562, Ішкі істер басқармасының қызметкерлері — 907, созылмалы аурулуры бар – 20, студенттер – 82, әлеуметтік мекеме қызметкерлері – 10 және 1962 басқа да сала қызметкерлері мен аудан тұрғындарын құрап отыр.

Мәлімет бойынша, барлық егілгендерде вакцинациядан кейін реакциялар мен асқынулар болмаған. Сонымен қатар, алдағы уақытта вакцинация жүргізу – вакцинаның аймаққа түсуіне байланысты жалғасады.

Жаһанды жайлаған коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – халыққа жаппай вакцина салу. Қазақстан халқының 60%-дан астамы вакциналаумен қамтылса, ұжымдық иммунитет қалыптасады. Сәйкесінше, қоғамдағы вирус айналымы төмендейді, қалыпты өмір жағдайына оралуына мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.