Мойынқұмдықтар “Жыл мұғалімін” анықтады

0

Мойынқұм ауданы Экологиялық орталығының мұғалімдері арасында “Жыл мұғалімі — 2021” байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Мұғалімдердің біліктілігін, өз кәсібінің жан- жақты шебері екенін шыңдау. Өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, дарынды педагогтарды анықтау. Мұғалім мамандығының беделін көтеру, он имиджін қалыптастыру. Аталған байқау төрт кезеңнен өткізілді. Байқауға 8 мұғалім қатысты. Байқау соңында “Жыл мұғалімі — 2021” байқауының жеңімпазы “Жас натуралист” үйірмесінің жетекшісі Жылқыбаева Мира иеленді. 2 орынды “Аквариумшы” үйірмесінің жетекшісі Қасенова Мереке, 3 орынды “Тау туризмі” үйірмесінің жетекшісі Несіпбаев Арсен мен “Гүлдер әлемі” үйірмесінің жетекшісі Амангелді Маржан иеленді. Байқау жеңімпаздарын мекеме басшысы М.Ерғазыұлы арнайы дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Байқау санитарлық талаптарға сай өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.