Аудан әкімі өзі оқыған мектептің оқушыларымен кездесті

0

Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған болатын.

Жоба мақсаты сол білім ошағынан түлеп ұшқан түлектерді кейінгі жас буынға таныстыру, үлгі ету.

Осы жоба аясында мектеп түлектері өздері білім алған ордаларына алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасындағы қызықты сәттермен бөлісіп, өз қолтаңбалары мен үлестерін қалдырып жатады.

Осы орайда кеше «Жомарт түлек» жобасы аясында,«Туған жер – бақыт ордасы» атты кездесу өтті.

Жаңатас қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясында өткен кездесуге аталмыш мектептің түлегі Сарысу ауданының әкімі Марат Қырғызәліұлы Сұлтанғалиев қатысты.

Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

Оқушылар аудан әкімімен жүз бе жүз кездесіп, өз ойларында жүрген сауалдарын қойды.

Аудан басшысы мектеп қабырғасында өткен қызықты шақтарымен бөлісіп, оқушылардың сауалдарына жауаптар қайтарып, жас түлектерге тілегін білдірді.

Сарысу аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.