Аудан әкімі асарлатқан ағайынмен бірге…

0

Асар – қазақтың ежелгі дәстүрі, оның басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған жақынына көмектесу.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бұл игі дәстүрді жамбылдықтар қайта жаңғыртып, мұқтаж отбасыларға арнап үйлер салып беруде.

Осы орайда, Жамбыл өңірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Сарысу аудандық әкімдігінің бастамасымен және ауылдағы азаматтардың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған.

Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев асар жобасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын аралап шықты.

Ағымдағы жылы Сарысу ауданың орталығы Жаңатас қаласында және 7 елді мекендерінде (Саудакент, Жайылма, Ұйым, Ә.Бүркітбаев, Досбол, Тоғызкент, Ұ.Сыздықбайұлы) әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға «Асарлатып үй салу» тәсілімен ауыл тұрғындардың және демеушілер есебінен 5 жаңа жеке тұрғын-үйлердің құрылысы және 3 күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.