Аналарға арналған шеберлік сағаты өтті

0

Қайрат Рысқұлбеков саябағында көпбалалы және жалғызбасты әйелдерге арналған «Ұлт болашағы – аналардың қолында» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Әйел — отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» тақырыбында Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының «Ел анасы» кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Камиляш Ахметжанова, «Бір тігін машинасының тарихы» тақырыбында жеке кәсіпкер, «Дана-Дель» тігін шеберханасының негізін қалаушы, «Шеберлік мекені» Жамбыл облысының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы» жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы, 2020 жылы «Алтын сапа» сыйлығының «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша лауреаты Бақыткүл Тоқтыбаева, «Өз-өзіңе сену – қиыншылықтарды шешу жолы» тақырыбында Халықаралық Тараз инновациялық институтының Трансформация офисінің басшысы, Халықаралық эриксон мектебінің коучі Салтанат Телеуова, «Отбасы ошақ қасында өз бизнесін дамыту, табыс табу» тақырыбында жеке кәсіпкер, Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының жас кәсіпкер қанатының жетекшісі Айдана Укиева, «Берекелі әйелдің сырлары» тақырыбында практик-психолог, коуч, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар және адамның өзімен қарым-қатынасы бойынша сарапшы, көпбалалы ана Аида Әбдіқадырова сөз сөйледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.