ШҚО-да 4 баланы қаққан көлік жүргізушісі 3,5 жылға сотталды

0

Оқиға Жаңа Шүлбі ауылында болған. Аудан тұрғыны жолдасымен бірге алкогольдік ішімдіктерді ішкен. Бір кезде айыпталушы дүкеннен қант салынған мөшекті үйіне әкелмек болады.

Досы оны мас күйінде көлік жүргізбеуді сұрады, бірақ ол оны тыңдамады. Соның салдарынан жүргізуші үйлердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, рөлге ие бола алмай, жылдамдықпен қоршаудың жанында тұрған төрт оқушы қызды қағып кетті.

Кейіннен қыздардың бірі қайтыс болды, ал екіншісі ұзақ уақыт комада жатты. Марқұмның туыстары кінәліні заң аясында жазалауды талап етті. Сот отырысы кезінде жүргізуші өз кінәсін мойындап өкінді.

Оның мас болғандығы, апат болған сәт есінде жоқ екендігі нақтыланады. Сот оны көлік құралын басқару құқығынан 10 жылға айыра отырып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сотталған адам қаза тапқандардың отбасыларына келтірілген моральдық шығынды толығымен өтеуге міндеттелді.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2020 жылдың қыркүйегінде болған. Мас күйінде болған 31 жастағы Mitsubishi Chelenger жүргізушісі бұрылыс кезінде рөлге ие бола алмай, ойнап жүрген 5, 10, 11 және 12 жастағы төрт баланы қағып кетті.


kaz.caravan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.