«Жәрдемақыны көтерсін»: Қазақстанда ауған соғысы ардагерлерінің күнкөрісі қиындаған

0

Ауған соғысының ардагерлері жәрдемақыларының ешқандай қажеттіліктеріне жетпейтінін айтып шағымданды. Олар жәрдемақымыз дәрі-дәрмекке де жетпейді деп отыр.

“Қазақстанда бір мысыққа, шошқаға 150 мың теңгеден ақша бөлінеді екен. Ал ауған соғысының ардагерлеріне 18 мың теңге береді. Ол кімнің, қай жыртығын жамауға жетеді? Ауру-сырқау, соғыстан зардап шегіп келгендерге бұл ақша жетпейді. Дәріге де жетпейді. Коммуналдық төлем бұрын 50 пайыз болатын. Ол тоқтады. Жеңілдік жоқ. Осы жанайқайымыз билік басындағыларға жетсе екен дейміз”, – дейді Ауған соғысының ардагері Серікбай Жүсіпов.

Ауған соғысына қатысқандар мен Чернобыль апатын жоюға қатысқандардың қатары жылдан-жылға сиреп барады. Мүгедек боп оралғандар орта жасқа жетпей бақилық боп жатыр. Қазақстанда дәл осындай ардагерлер саны 15 мыңға азайыпты. Жұмыс істеуге жарамсыз болып қалдық деген олар ұзақ жылдан бері үкіметтен өздерін Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлері мәртебесімен теңестіруді сұрап келеді. Өйткені оларға көптеген жеңілдік қарастырылған. Ал Ауғанстандағы соғысқа қатысқандар мемлекет беретін мардымсыз жәрдемақыны ас-суымызға әрең жеткіземіз деп қынжылды. Ауғандықтардың әлеуметтік әрі медициналық жәрдемді , сондай-ақ кезектен тыс тұрғын үй алуға да мүмкіндік берілсін деген талап-тілегі бар.
kaz.caravan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.