Ұлт ұстазын ұлықтаған байқау

0

2021 жылдың сәуір – мамыр айларында Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ұлт ұстазы Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай 9 және 11 сыныптардың оқушылары арасында қалалық «Үздік ғылыми ЖОБА» байқауы өткізілді.


Байқаудың басты мақсаты ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің шығармаларын зерттей отырып, бүгінгі күнмен сабақтастығын анықтау.
Аталған байқауға жалпы 31 мектеп оқушылары қатысуға өтініш білдірді, оның ішінде 12 адам іріктеу кезеңінен өтті. Іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар қорғауға жіберіліп, жеңімпаздары анықталды.
Атап айтқанда: 9 сыныптар арасында III орын Турсбек Айгерим, II орын Серикмаханбет Дильназ, I орын Қалдыбек Алмат, 11 сыныптар арасында III орын Ешмахан Ерасыл, II орын Ташмухаметова Севера, I орын Сабырбаева Айым.
Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде аталған байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Қала әкімінің орынбасары А.Садубаев байқауға қатысушыларды жеңісімен құттықтап, оларға сәттілік тілеп, қала әкімінің I, II, III дәрежелі дипломдары мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.