Арубаев: Бағдарламаның сәтті орындалуы сала басшыларының назарында болуы қажет.

0

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сәкен Арубаев партия аудандық филиалының мәжіліс залында жол картасына енгізілген мәселелер бойынша кеңес отырысын өткізді.

Өңір экономикасының өсуі, әлеуметтік сала, инфрақұрылымды дамыту және өңірдің қауіпсіздігі, экология, сыбайлас жемқорлықпен күрес, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп секілді негізгі бағыттар айқындалған сайлауалды бағдарламадағы негізгі мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдары талқыланған кеңесте аудан әкімінің орынбасарлары Нұрлан Несіпбеков, Олжас Баққараев бекітілген іс-шаралардың орындалуы бойынша хабарлама жасап, алдағы уақытта атқарылатын міндеттерді түсіндірді.

Кеңесті қорытындылаған Сәкен Қаланұлы партияның сайлауалды бағдарламасының маңыздылығын айтып, оны қадағалау, орындалуын қатаң бақылауға ұстау, зерделеу жұмыстарын жиі ұйымдастыруды сала басшыларына қадап айтты.
— Кез келген қолға алынған бағдарламалар мен жобалардың бір ғана мақсаты бар. Ол — халықтың жағдайын жақсарту, қолайлы орта қалыптастыру. Осы орайда құрылысқа я болмаса аудан көлемінде атқарылып жатқан басқа да игіліктердің сәтті аяқталып, сапалы орындалуын барлық сала басшылары қадағалуы қажет. Біз осыны бақылауда ұстауымыз керек. Өзіміз де құрылыс басында сапаға айырықша назар аударуды айтып келеміз. Бұны сіздерде жалғастырып, зерделеуді күшейтулеріңіз керек, — деді Сәкен Қаланұлы кеңес отырысын қорытындылап.

Ақжігіт Жетпісбай
Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.