ШҚО-да 72 жастағы зейнеткерден әскери патрондар тәркіленді

0

Оқ-дәрілер  карабинге, автоматтарға, қол пулеметтеріне, аңшылық қаруға арналған

29 сәуірде Алтай қаласы полиция қызметкерлері 72 жастағы зейнеткердін гаражынан 38 дана патрон тәркіленгені туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген 38 дана патрон 7,62-39 калибрлі патрондар болып шықты, оқ-дәрілер өздігінен оқталатын карабинге, автоматтарға, қол пулеметтеріне, аңшылық қаруға қолданылатын, ойық атыс қаруына арналған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

azattyq-ruhy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.