Таластағы айтыстың бас жүлдегері Нұрлыбек

0

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай және Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жыр дүлділі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын Талас ауданы жоғары деңгейде атап өтіп, «Тәуелсіздік тұғырым» атты облыстық ақындар айтысын ұйымдастырды.
Облыстың түкпір-түкпірінен қатысқан айтыскерлер арасынан табылған айшабибілік суырып салма ақын Нұрлыбектің Құрмановтың сүйекті сөздері көпшілікті атойлатып отырды.
Нәтижесінде, Нұрлыбек ақын бас жүлдені қанжығасына байлады.

— Қаратау қаласында өткен «Тәуелсіздік тұғырым» атты облыстық сөз барымтасына жиырма төрт ақын бақ сынасты. Ұйымдастырушы алқасына үлкен алғысымды білдіремін!
Жүлделі орындардан көрінген және қатысушы барлық ақындарды құттықтаймын! Қазақтың айтысы өрлей берсін,- дейді ақын бізбен әңгімесінде.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,
Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.