Алматыда 22 жастағы полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

0

Алматылық полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат тоғыздар шамасында Алматы облысының Қарасай ауданында болды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Алматы маңындағы «Көлді-Жалпақсай» тас жолында «Мазда-626» автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Оған қарама-қарсы жолда келе жатқан 1999 жылы туған, Алматы қалалық патрульдік полиция инспекторы Нәдір Қалымов басқарған «Лада Гранта» автокөлігімен соқтығысқан. Лада көлігі жолдың шетіне шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Полиция кіші сержанты Н.Қалымов түнгі ауысымнан үйіне қайтып бара жатқаны белгілі болды. Инспектор жарақаттың ауырлығына байланысты оқиға орнында қайтыс болған.

Ал түрлі дене жарақаттарын алған «Мазда» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша Алматы облысы Қарасай ауданының ПБ ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады.

«Алматы қалалық полиция Департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі  Нәдір Қалымовтың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — делінген хабарламада.

Полиция кіші сержанты Н.Д.Қалымов ішкі істер органдарында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет еткен. Оның артында анасы мен жүкті әйелі қалды.

azattyq-ruhy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.