Сара Амангелді: Мен ешкімнің күйеуін тартып алған жоқпын

0

Сара Амангелді өзі жайлы айтылып жатқан жайттарға қатысты жауап берді. Актриса өзіне жала жабылғанын айтып ақталды. 

Айта кетейік, бұған дейін елордалық Құралай Бияхметтің жазбасы желіде тарап кетті. Онда актриса Сара Амангелді мен бұрынғы өзінің жолдасымен көңіл қосқаны айтылады. Алайда жақын күндері Құралай Бияхмет актрисаның өзі мен бұрынғы жұбайының ара қатынасына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

«Достар! «Достар» деймін, өйткені менің «жауым» бар деп ойламаймын. Бірнеше күннен бері «талап» жатсыздар. Өтірік болғасын ақталғым келмеді, бірақ күннен күнге өршіп барады. Мен ешкімге күйеуге тиген жоқпын! Сенбесеңіздер, тексеріп көріңіздер, оның жолдарын білесіздер! Ешкімнің күйеуін тартып алған жоқпын, маған ол керек емес. Мәселенің ақ қарасын білмей шулатып жатқан парақшалар өздері біліп өшіретін шығар деген үміттемін. Даудың басын бастаған адам өз парақшасында ақпарат берді. Бірақ оны уже хайп қуған парақшалар жарияламайтын да шығар. Мен кімнің алдында болсын өзімнің абыройымды сақтап қалуға дайынмын», — деп жазды Сара Амангелді желідегі парақшасында.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.