Рүстем Жүрсінов: Халық қазір табысынан қағылып жатыр

0

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рүстем Жүрсінов дабыл қақты. Айтуынша, халықтың біршама бөлігі қазір табысын азық-түліктен басқа шығынға жеткізе алмай отыр.  Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

«Таяуда ғана талқылау алаңдарының бірінде бір өзекті мәселе жөнінде ұзақ әңгіме өрбіттік. Стратегия қорындағы Гүлмира Елеуова әлеуметтік зерттеулерді көп жүргізеді. Оның келтірген мәліметтеріне мән берейік: 2019-2020 жылы респонденттердің 65 пайызы табыстары азық-түліктен бөлек, тұрмыстық техникаларға жететінін айтып, жауап берген. Ал қазір респонденттердің 35 пайызы табыстарының тек азық-түлікке ғана жететінін айтқан. Яғни бұл нені меңзейді? Біздің ұлт, халық табысынан қағылып жатыр. Біз, яғни бизнеспен айналысып жүрген адамдарды бұл мәселе қатты толғандыруы керек. Егер жеке тұлғаларды несиелендіру көрсеткішін қарасақ, оның 58 пайызы тұтынушылық несиеден тұрады. Ол да өсіп келеді», – деді Рүстем Жүрсінов онлайн режимде VIII CFO саммитінде.

Оның айтуынша, тиісті мемлекеттік органдар қарызды кешіру жағынан шама-шарқынша көмек көрсетіп келеді. Алайда жалпы жағдай бәрібір көңіл көншітіп тұрған жоқ.

«Неліктен? Себебі бұл дағдарыстың салдары. Әлбетте, осы мәселеге жүйелі түрде келуіміз керек. Жеке тұлғалардың банкротын жариялау жүйесін енгізу арқылы бұл мәселені шешу мүмкін емес. Дәл осыған бас қатыруымыз керек. Әлеуметтік наразылықты да тудыратын жағдай бұл», – деді сарапшы.

Рүстем Жүрсінов әлеуметтік стандарттардың қайта қаралуы керектігін айтады.

«Бізде минималды зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек шығын себеті есебінен айқындалады. Алайда жанымыздағы Ресейдің өзінде бұл көмектер халықтың медиалды табысына қарай есептеледі емес пе!? Дәл осы мәселе – біздің барлық әңгімеміздің өзегі. Халықтың табысы мен әл-ауқатына фискалды немесе бюджеттің саясаттың бәрі де байланған», – дейді ол.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.