Алматы облысында бөлесі қызды 8 жасынан бастап 7 жыл бойы зорлап келген

0

Алматы облысында туыс ағасы қаршадай  қызды 7 жыл бойы зорлап келген. Бұл туралы Facebook желісінің қолданушысы Андрей Андреев айтып берді.

Сөзінше, қыздың ата-анасы ажырасып кеткен. Алғашында ол елордада әкесімен және ағасымен тұрған, бірақ кейіннен Алматы облысына анасының қолына көшіп барыпты.

«Қыз бала туыстарының үйінде қалғысы келіп жүрген. Анасының үйіне қайтқысы келмеген. Алғашында ол ешнәрсе айтпаlы, алайда кейіннен оқиғаның бүге-шүгесіне дейін жасырмай жеткізген», – деп жазады Андрей Андреев.

Қыздың айтуынша, анасы қыдырып кеткенде, қызын әпкесінің үйінде қалдыратын көрінеді. Осы кезде оны жасы үлкен бөлесі зорлаған. Соңғы рет жасөспірім қыз баланы 21 наурызда жыныстық қатынасқа тартқан. Ең сорақысы, бұл туралы жәбірленушінің анасы білген.

Қазір полицияға арыз беріліпті, мұны естіген қыздың әкесі астанадан келген. Ал зорланған қыздың анасы өзіне және туыс інісіне адвокат жалдап үлгеріпті.

Желі қолданушысы Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі уақыт созып, істі жүргізуге құлқы жоқ екенін атап өтті. Оның сөзінше, қыз оқитын мектептің директор орынбасары өткенді қазбалау дұрыс емес деп айтыпты.

«Қарасай аудандық полиция басқармасында жәбірленуші Н. арызы бойынша, 2006 жылғы нағашы туысына қатысты зорлық әрекеттерін орындағаны үшін қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы облысы ПД-нің басшысы Серік Күдебаев.

Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалған, куәгерлерден жауап алынуда. Соның нәтижесі бойынша сот алды қорытындысы шығарылады.

shanyraq.info

Leave A Reply

Your email address will not be published.