Мониторингтік топ түсіндірме жұмысын жүргізді

0

Аудан көлемінде коронавирус індетіне қарсы мониторингтік топтармен күнделікті түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Осыған орай, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаев жетекшілігімен аудандық мониторингтік топ өкілдері «Наурыз», «Жекен», «Ақ босаға», «Жұмабек», «Bulgar» мейрамханаларында, «Корзинка», «Алтын сарай», «Қарагөз» және «Аяжан» сауда орталықтары және «Халыққа қызмет көрсету» орталықтарында  санитарлық талаптардың орындалуы мен сақталуын зерделеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарының барысында топ өкілдері сақтық шараларын қатаң сақтау, оның ішінде ара қашықтықты сақтап, үнемі маскалық режиммен қызмет көрсетудің маңыздылығын атады.

Айта кететіні, Т.Рысқұлов ауданында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында құрылған мониторингтік топ мүшелері аудандағыорталығы мен ауылдық округтердегі объектілерді зерделеу жұмыстарын күшейтпек.

Саулық — сақтықта екенін естен шығармағанымыз абзал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.