Қарағандыдағы сенбіліктегі жанжал: Зардап шеккен ер адам көз жұмды

0

Қарағандыда сенбіліктегі жанжалдан кейін жәбірленуші Олег Гарницкий ауруханада көз жұмды

Осыдан бір ай бұрын Олег Гарницкий сенбілік ұйымдастырып, тұрғындарды ағаш отырғызу жұмыстарына жұмылдырған. Тазалық жұмыстары кезінде жасөспірімдердің бірі саусағын кесіп алады.

Жасөспірімнің әкесі қатты ашуға булығып, сенбілік ұйымдастырған Олег Гарницкийды соққыға жыққан.

Куәгерлердің айтуынша, ол Олег Гарницкийді асқазанынан тепкен. Ер адам құлап, басын асфальтқа соғып алады. Алған жарақаттардың нәтижесінде Олег Гарницкий көз жұмды.

Қазір полиция «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүргізуде. Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.