«Жамбыл суға» жаңа басшы келді

0
Беркімбаев Медет Жақсыбайұлы «ЖАМБЫЛ СУ» КММ директоры болып тағайындалды
Беркімбаев Медет Жақсыбайұлы-1980 жылы туған. Білімі-жоғары.
2005 жылы Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша; кейін Қазақ ұлттық аграрлық университетін Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының «ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК маманы болып бастаған. Кейінгі жылдары «Астана телекомда», «ИнтерТрансАгроГрупп» Ресей-Қазақстан бірлескен кәсіпорнында, «Вокзал сервис» АҚ «Қазақстан темір жолы» ҰК түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2014 жылы қаңтардан сәуірге дейін-Алматы қаласы әкімдігі энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының «Холдинг Алматы су» МКК логистика бөлімінің басшысы болған.
2014-2017 жылдары — «Алматы жылу желілері»ЖШС мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.
2017-2020 жылдары-Алматы қаласы әкімдігінің энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы «Алматы су» МКК Мемлекеттік сатып алу және шарттарды орындау басқармасының басшысы, су көздерін пайдалану басқармасының басшысы, су көздері департаментінің директоры қызметін атқарған .
2020 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қордай ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КМК директорының міндетін атқарушы болып қызмет етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.