«Заңда әзілге тыйым салынбаған». Баспасөз қорғау ұйымы сатиралық пост авторын қолдады

0

«Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымы сатиралық материал жариялағаны үшін істі болған Инстаграмдағы Qaznews24 паблигының жетекшісі Темірлан Еңсебектің ісіне байланысты реакция білдірді. 17 мамырда жариялаған мәлімдемесінде ұйым «274-баптың сатира мен әзілге еш қатысы жоқ» екенін, сатиралық материалдардың қоғамға еш қаупі жоқ екенін атап өткен. Еңсебек осы бап бойынша қозғалған істе куәгер танылған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

«Темірлан Еңсебектің жазбалары интернетте ескертулермен жарияланды, яғни, онда жазбалардың «әзіл аралас фейк жаңалықтар» екені ескертілді. Бірақ полицейлер «әзіл», «сатира» сияқты ұғымдармен таныс емес сияқты. Бұған қоса, полициядағылар сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беретін Қазақстан Конституциясын жақсы білмейтін секілді (20-бап) болып көрінді» делінген мәлімдемеде.

Өткен сенбіде полицейлер Еңсебектің үйіне тінту жүргізіп, кеңсе техникасын алып кеткен. Өзін бірнеше сағат тергеп, босатқан.

Осыған дейін журналистер қауымы ішкі істер министріне үндеу жолдап, Еңсебекті қудаламауды, «жалған ақпарат тарату» бабын репрессия мақсатында пайдаланбауды, істің ашық жүргізілуін талап еткен.

azattyq.org

Leave A Reply

Your email address will not be published.