Алматы облысында 3 жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап кетті (видео)

0

Алматы облысында 3 жастағы қыз бала жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті. Көліктен құлап кеткен бала тірі қалды

Бұл сәт келе жатқан басқа көліктің бейнежазбасына түсіп қалған. Видеода жеңіл көліктің бұрылып жатқан сәтінде артқы есігі ашылып, баланың жолдың үстіне құлағанын көруге болады. Кішкентай қыз бала құлаған жерінен өзі тұрады. Осы сәтте анасы көліктен шығып, жүгіріп келіп, құшағына алады.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша пікір білдірді.

«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «Hundai Elantra» көлігінен кішкентай баланың көліктен құлаған фактісі анықталды. Тексеру барысында оқиғаның бүгін Іле ауданының Өтеген батыр ауылында болғаны белгілі болды. Жедел іздестіру кезінде көліктің иесі 32 жастағы әйел екені анықталды. Ол — үш жастағы баланың анасы. Кішкентай қыз оқиға болған сәтте көліктің артында арнайы қорғанатын белдіксіз отырған. Абырой болғанда, бала аман. Көліктің иесіне әкімшілік іс қозғалды»,- деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Ақтауда оқушы кәріз құдығына құлап, екі аяғын күйдірді

 

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.