Ақжүрек Таңатаровты тістеп алған балуан адам өлтіргені үшін іздестіріліп жатыр

0

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, үндістандық Сушил Кумар командаласын өлтірді деген күдікке ілінді. Бүгінде әлемге танымал спортшы полициядан қашып жүр деп жазады indiatoday.in.

Алматы, NEGE. Басылым мәліметінше, қанды оқиға 5 мамыр күні болған. Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, әлем және Азия чемпионы Сушил Кумар 23 жастағы балуан Сагар Дханкхардағы атып өлтіргені үшін іздестірілуде.

Бүгінде Сушилдің полициядан жасырынып, із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі болды.

Үндістандық сайттың жазуынша, Сушил мен Сагар арасындағы текетірес Делидегі Чхатрасал стадионында болған. Тәжіриелі балуан 23 жастағы грек-рим күресінің шеберін өзін дұрыс сыйламай, көпшіліктің алдында мазақ еткені үшін өлтіруі мүмкін.

Ал көз жұмған спортшының туыстары әйгілі балуанның қолын қанға былғамай, жас спортшыны бір сыбап алуы да жеткілікті екенін айтып, қайғыдан қан жұтуда.

«Сагар грек-рим күресінен биіктерден көрініп, Үндістан атынан халықаралық жарыстарға қатысып жүрді. Ол Сушил Кумарды өзінің кумирі санайтын. Ол бірде бір рет жаттығудан қалған емес. Бапкерлерінің үмітін ақтауды мақсат еткен. Егер Сагар қандай да бір қателік жіберсе, оны атып өлтірмей-ақ, әкесіне немесе маған айтса болатын еді», — дейді марқұм спортшының ағасы Нарендра Дханкхар.

Сушил Кумар 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында қазақстандық Ақжүрек Таңатаровты ұтқан болатын. Жартылай финалдық кездесуде үнділік балуан Таңатаровтың құлағын тістеп алды. Десе де, төрешілер Кумарды бұл қылығы үшін жазалаған жоқ.

Үндістан өкілі финалға жолдама алып, Ақжүре Таңатаров Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алған болатын. Ақжүрек қола медаль үшін күресте түркиялық Рамазан Шахинді ұтты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.