Алматыда танымал Instagram парақшаның авторы ұсталды: Полиция түсініктеме берді

0

Полиция Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Ішкі істер органдары әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Instagram-да “Qaznews24” аккаунтын анықтаған. Оның парақшасында жалған хабарламалар үнемі жарияланып тұрған.

«Бұл аккаунтта орналастырылған ақпарат тұрғындардың екітүрлі реакциясын тудырды, өйткені олар халыққа дұрыс емес ақпарат беріп, азаматтарды адастырды. Мысалы, “Жылына бір рет – қазақстандықтардың шетелге шығуына шектеу қойылады”,  » 2021 жылы қазақстандықтың орташа айлық атаулы жалақысы 683 432 теңгені құрады – Ұлттық статистика бюросы», “ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мефедронды заңдастыруды ұсынды…”, “Зорлау және жыныстық қысым көрсету баптарын қылмыстықтан әкімшілікке ауыстырады”, “Мәжіліс депутаттары депутаттардың кірістері мен мүлкін міндетті түрде декларациялау туралы заңды кері қайтарып алды”, “Қазақстандықтарға шетелге шығу үшін көші-қон полициясынан шығу визасын алулары керек” және тағы басқа тақырыптағы басылымдар үлкен резонанс тудырды. 5,5 мыңнан астам жазылушы жалған ақпаратты алып отырды», — деді ведомствода.

Полиция мәліметінше, бұл хабарламалардың қисынсыздығына қарамастан, қолданушылар белсенді түрде репост жасап, жедел хабарламалар арқылы бір-біріне жалған жаңалықтар жіберіп, скриншоттар жасап, оларды басқа ақпараттық ресурстарға көшіріп отырды.

«Анықталмаған ақпаратты жариялау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Тергеу-жедел іс-шараларын жүргізу барысында жалпыға ортақ парақшаны ашқан – 25 жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ол полицияға жеткізілді. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда», — деді ішкі істер органында.

Қазіргі таңда Темірлан Еңсебектің бостандыққа шыққаны белгілі.

Ішкі істер органдары тағы да азаматтарға жалған ақпарат таратудың жол берілмейтіндігін, мемлекеттік органдардың тек ресми ақпараттарына сенім арту қажеттілігін, сондай-ақ, жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігін тағы да еске салады.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.