3 800-ден астам шулық екпе салдырды

0

Әлем жұртшылығын үрей құшағында ұстап отырған коронавирус пандемиясының беті қайтар түрі жоқ. Жаһан болып күресіп жатқан індеттің алдын алуда Шу ауданының да медициналық мекемелері  де тынымсыз еңбек атуда.

Бүгінде Шу ауданында коронавирус індетін емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында жалпы 70 төсек қоры жасақталған.

Ағымдағы жылдың 5 наурызынан бастап ерікті түрде COVID-19 инфекциясына қарсы екпемен қамту жұмыстары басталды. 4 айдың қорытындысы бойынша 3 819 адам екпе алды. Жалпы, жыл басынан ауданда  коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 201-ді құрады.

Халық арасында санитарлық талаптардың сақталуын бақыла мақсатында 5 мониторинг тобы құрылған. Арнайы құрылған топтар 109 рейд ұйымдастырып, 652 нысан тексерілген. Нәтижеінде 70 заңбұзушылық анықталған. Талаптарды сақтамағандарға 10 нысанға ескерту беріліп, 56 тұлғаға  3,3 миллион   теңге көлемінде айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.