Шу ауданында асыраушы сала алға басып келеді

0

Шу ауданы экономикасының негізгі қозғаушы саласы ауыл шаруашылығы екені белгілі. Бұл жылдың өнімі үшін 126 931 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, 10 084 гектарға сүр айдалған. Жер пайдалану көрсеткіші 100 пайызға орындалып, 46 219 гектарға дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 9 050 гектарға майлы дақылдар, 900 гектарға қант қызылшасы және 1 500 гектарға картоп егіліпті. Аудан әкімі Нұржан Календеровтің айтуы бойынша, 16 662 гектар көкөніс пен 10 мың гектар бақша дақылдары егіліп, көктемгі егіс дала жұмыстары өз деңгейінде аяқталған екен.

– 7 500 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізіліп, өткен жылмен салыстырғанда  су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптар 2 мың гектарға ұлғайды.  Бұл ретте ауданда су үнемдеу технологияларын тиімді пайдаланып, егін шаруашылығын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарған «Қызылша» ЖШС-ін атап өткім келеді.

Бүгінгі күні азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі екені белгілі. Осы бағытта Бірлік ауылынан сыйымдылығы 20 мың тоннаны құрайтын заманауи технологиямен жабдықталған көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде. Нысанның құны 1,2 миллиард теңгені құрайды. Қойма қолданысқа берілгеннен кейін  маусымаралық кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді, – дейді Нұржан Сәбитұлы.

Ауданның мал шаруашылығы саласында да ілгерілеу бар. Мәселен, барлық түліктер санатында және барлық өнім түрлерінде өсім қалыптасып отыр. 4 айдың қорытындысымен алғанда шулық шаруалар 3 700 тонна сүт, 2 100 тонна ет өндірген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.