15 мемлекеттік қызметкер отставкаға кетті

0

Қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болғаны үшін 108 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Оның 15-і отставкаға кеткен. Қазір жол картасының негізінде маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру басталды. Оған биыл шамамен 325 млрд теңге бөлу жоспарланған. Сол себепті бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау маңызды.

Бұл жөнінде Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Бір айтарлығы, қаржылық тәртіп сақтала бермейді. Мәселен, былтырдың өзінде Есеп комитеті құқық қорғау органдарына 72 факті бойынша материал беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік 28 қылмыстық жағдайды тіркеген. 23 адам жауапкершілікке тартылды. Прокуратура 331 қадағалау актісін енгізді. 493 адам тәртіптік жауапкершілікке, 540 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жиында мемлекеттік хатшы агенттіктің жаңа төрағасынан Президент тапсырмасының орындалу барысын сұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.