«Ойынның кесірі»: Қазанда атыс шығарған Галявиевтің сыбайластары болуы мүмкін

0

Қазан тұрғындарының бірі ұлының өзіне-өзі қол жұмсауы атыс шығарған Ильназ Галявиевтің оқиғасына ұқсас екенін айтты

Даниэль Ильназ Галявиевпен бір колледжде оқыған. Ол жақында өзіне-өзі қол жұмсаған. Анасының сөзінше, ұлы өлмес бұрын қара киініп, өзін құдаймын деп жариялаған. Ол ұлының жағдайы мен Галявиевтің атыс шығаруының арасында байланыс бар деп есептейді.

Әлеуметтік желіде өзін Наталья Андреевамын деп таныстырған әйел видео жариялаған. Оның айтуынша, Қазан қаласындағы колледжге түскеннен кейін баласының мінезі бірден өзгеріп кеткен. Тура бір жыл бұрын келіншектің ұлы  өзін бөлмеге қамап, атып өлтірген.

Әйел баласының өлімі мен Қазан қаласындағы мектептегі атысқа «Синий кит» ойынының қатысы болуы мүмкін екенін айтады.

«Мен ұлымның мектепте атыс шығарған Ильназ Галявиевпен бір колледжде оқығанын білдім. Менің балам бір жыл бұрын өзін-өзі атып өлтірген болатын. Бәлкім менің балам тек өзін атып, басқаларды атуға шамасы жетпеген шығар. Бұл оқиғалардың бір-бірімен байланысы бар деп ойлаймын. Өйткені Ильназ Галявиевтің сөзін бір жыл бұрын менің балам өлер алдында айтқан», — дейді келіншек.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.