Жамбылда жазалы жандардың кітап оқуға деген құлшынысы арта түсуде

0

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесіндегі сотталғандар арасында жиі өтетін әдеби-сазды кештер осының дәлелі. Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұржан Кутынбетовтың сөзінше, мұндай кештер — сотталғандардың патриоттық сезімін арттыруда және олардың бойындағы шығармашылық дарындарын айқындауда маңызды рөл атқарады.

— Бұған дейін мекемедегі сотталғандар арасында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай кештер ұйымдастырылды. Кеш барысында жазасын өтеушілер ұлы ақынның жырларын жатқа оқып, өзара сынға түсті. Жалпы, хәкім Абайдың 175 жылдығы туған күнінде ғана емес, жыл бойы тойлануы керек деп ойлаймын. Себебі, бабамыздың қай өлеңін алсақ та мағынасы өте терең. Адамды еріксіз ойландырады. Бұл өз кезегінде сотталғандардың түзеу жолына түсуіне өз ықпалын тигізері анық, — деді Н.Кутынбетов.

Айта кетейік, мекемедегі 5 мыңнан аса кітап қоры бар кітапханада Абайдан өзге қазақтың танымал ақын-жазушыларының шығармалары аз емес. Әлем классиктерінің шығармалары да мол. Ал бұдан бұрын мекеме кітапханасының қоры сүбелі кітаптармен толығып, кітап оқуға құмар сотталғандардың қажетіне жарауда.

Айгүл Тыныстанова,
ЖД-158/1 мекемесінің кітапхана қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.