Қарт ананы самокатпен ұрған әйел жұрттың жағасын ұстатты – видео

0

Әлеуметтік желіде қарияны бір әйел ұрып жатқаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан келіншек әжейді самокатпен ұрып жатқанын көруге болады.

Осыдан кейін анасына қол көтерген әйелдің халықтан кешірім сұраған видеосы жарияланды. Оның қарияны ұрып жатқанын ер адам көлігінде отырып түсірген. Видеодан әйелдің айғайлап жатқаны да естіледі.  Кейіннен қария мен оны ұрған әйел түсірілген видео желіде пайда болды.  Ролик авторы әженің жағдайы жақсы екенін, әйелдің ауру деген қағазы бар екенін көрсетті. Автордың айтуынша, жанжал қария мен оның кіші қызының арасында болған. Бірақ қария басқа қызының қолында тұрады.

«Жағдайым жақсы, ешқандай шағымым жоқ. Арамызда реніш жоқ. Дене жарақатын алмадым», – дейді қарт кісі видео авторына. Алайда оның бұл сөзі желі қолданушыларының көңілін орнына түсірмеді. Басым көпшілігі бұл сөздерді қарияға жаттатып қойған деп есептейді. Болжам бойынша, оқиға Шымкентте болған. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.