«Автокөлікке адамның манекені байланған»: Павлодар полициясы мән-жайды анықтады

0
Павлодар полицейлері «адамды көліктің артына байлап» кімнің сүйреп бара жатқанын анықтады

Полицейлер жан шошырлық видеоны әлеуметтік желілерге мониторинг кезінде Telegram-каналдардың бірінен байқаған.

«Аталған видео бойынша тексеріс жүргізілді. Атап айтқанда, 11 мамырда әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде тәртіп сақшылары Павлодар қаласында Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысында түсірілген видеоны анықтады. Онда автокөлік адамға ұқсайтын әлденені сүйреп бара жатқаны көрінеді. Бұл факті Павлодар қаласының Полиция басқармасында тіркелді. Анықталғандай, видео 2019 жылы Павлодарда «АFA» фильмінің түсірілімі кезінде жасалған. Автокөлікке адамның манекені байланған. Фильмді түсіру кезінде ешкім зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады Павлодар облысы

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Еске салайық, Павлодарда «артына адамды байлап, сүйреп бара жатқан» көлік туралы видео тарағанын бұған дейін жазған болатынбыз.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.