Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы бірінші кезекте не істейтінін айтты

0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов жаңа лауазымында бірінші болып немен айналысатынын айтты,»Тағайындаудан кейін Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді. Қазіргі таңда қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшуге дайындық жүріп жатыр. Бұл әр орган құзыреті шегінде өзіне тән жұмысты орындайды деген сөз. Сотқа дейінгі тергеу органы — біз. Біз қылмыстарды анықтап, ашып, дәлелдемелерді заңды түрде жинап, прокурорға ұсынуымыз керек.

Прокурордың келісімінсіз процестік шешімнің заңды күші жоқ, бұл екінші.

Үшіншісі — барлық жиналған дәлелге баға беретін, үкім шығаратын сот», — деді Ахметжанов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының пікірінше, үш буынды модель — Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын сақтаудың кепілі.

«Өкінішке қарай, қылмыстық процесте айыптау жағы басым, сондықтан адамның тағдырын бірнеше орган шешуі керек. Сүзгіден өтуі тиіс. Әрине, бұл бізге сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша соталды тергеу органы ретінде белгілі бір міндеттемелер жүктейді. Біз СДТБТ-ға тіркеуді, дәлелдемелер жинап, адамның кінәлі екенін заңда белгіленген ережелер шеңберінде жүргізуіміз керек», — деді Ахметжанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.