Зорлап тастаған: Грузиядағы қазақ қызының өліміне қатысты тың дерек шықты

0

Грузияда қазақ қызының өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған ер адамға зорлады және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді деген айып тағылып отыр,

Грузияның бас прокуратурасы ұсынған мәліметке сәйкес, 5 мамырда күдікті қызды өлтіремін деп қорқытқан. Сосын зорлап тастады.

«Жәбір көрген қыз ауыр психикалық соққы алған. Ол өз-өзіне қол салды», — дейді тергеушілер.

6 мамырда қазақ қызының өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктіге зорлау және адамның ар-намысын кемсіту арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу сияқты айыптар тағылып отыр. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-10 жылға дейін сотталады.

Қайтыс болған қыз өлердің алдында құрбысына жантүршігерлік аудиожазба жіберген. Бұл туралы бөлесі «Экспресс К» басылымына берген сұхбатында айтты. Аудиожазбада қыз туысқанының бизнес әріптесімен сөйлескен. Одан терезеден секіріп кеткен қызды зорлап, сатып жібергенін анық түсінуге болады. Оның ар-намысына тиетін біраз сөз айтылды. Тіпті «мүгедек қылып тастаймын» және «өлтіремін» деп қорқытқан.

Бұған дейін Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева Грузияда белгісіз жағдайда көз жұмғаны туралы хабарланған болатын. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Әсел Грузияға бір ай бұрын ақша табуға кеткен. Ал бірнеше күн бұрын жақындарымен байланысқа шықпай қойған.

Еске салсақ, министрліктің Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваға қатысты түсініктеме бергені туралы хабарлаған едік.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.