Елордада Toyota Camry жүргізушісі жүк көлігіне соғылып қаза тапты

0
10 мамырда Нұр-Сұлтанда жол апаты болып, жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты,10 мамырда сағат 18.40-та «102» арнасына жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша хабарлама келген.

«Toyota Camry автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен 40-ышы станцияға қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып кетті, сөйтіп 32 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Shacman жүк көлігіне соқтығысқан», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға болған жерде көз жұмды. Аталған факт бойынша терегу жүріп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.