«Психологиялық тұрғыдан ауыр тиді «: Мөлдір Әуелбекова неден қауіптенетінін айтты

0
Әнші он шақты күн бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен еді. Мөлдір Әуелбекова коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ол сондай-ақ босанғанша үйден шықпай, күтінетінін айтты.

«Хәлімізді сұрап, уайымдап, хабарласып жатқан жаны жайсаң шынайы жанашырларыма рахмет! Енді босанғанша ешқайда шықпай, сабыр етіп, үйде отыруым керек. Қайта жұқтыру жылдамырақ әрі қауіптірек болады екен», — деді әнші.

Айта кетейік, қазір Мөлдір Әуелбекова екінші сәбиіне аяғы ауыр. Ол бірінші мамырда ауруханаға түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.