Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

0

Қымбатты отандастар!

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – бейбіт өміріміз, азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін фашист басқыншыларына қарсы сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі мен даңқының символы. Ұлы Отан соғысы майданына миллионнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы Жеңіс жолында қаза тапты.  Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

Биылғы Жеңіс күнін бізбен бірге 665 майдангер мен 100 мыңға жуық тыл еңбеккері қарсы алуда. Олардың ешқайсысы мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығынан, қоғамның сый-құрметінен тыс қалмайды. Соғыс және тыл ардагерлеріне, барша қазақстандықтарға бейбіт тіршілік, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!   Жеңіс күні құтты болсын!

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

ktk.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.