Оралда мектеп оқушысы бесінші қабаттан құлап кетті

0

оралда мектеп оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап түсті,

Оқиға 9 мамырда сағат 04.20-да Строитель шағын ауданындағы 9 қабатты үйде болған. БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 2004 жылғы мектеп оқушысы бесінші қабаттан құлап түскен.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушы қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, іші, кеудесі жарақаттанып, қабырғаның сынған. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жәбірленуші мас болған. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.