Баласы мен әйелінің көзінше асылып қалған: Ақтауда полиция ер адамды құтқарып қалды

0
Ер адам Ақтауда әйелі мен балаларының көзінше асылып қалмақ болды,

басылымы 7 мамырда 102 пультіне 3 шағын ауданда әйел көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды.

«Өтініш берушінің айтуынша, күйеуі өз-өзіне қол жұмсайды. Дереу осы мекен-жайға патрульдік полиция батальонының ең жақын экипажы жіберілді. Шақыртуға келген Е.Орынбасар мен А.Тәуекел 2-қабатқа көтерілді. Алайда пәтердің есігі жабық болған, ішінен әйелдер мен балалардың айқайы естілді. Пәтерге кірген полиция белдікке ілінген ер адамды көрді. Қуанышқа орай, қызметкерлер оны құтқарып қалды», — деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.


Балаларының көзінше зорлаған: Атыраулық ер азамат жесір әйелдің басынан балтамен ұрып, артынша асылып өлген


Ер адамның неге мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз. Оны одан әрі тексеру үшін Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.