«Жасыл ел» жаңа еңбек маусымын бастады

0

Бүгін Таразда «Жасыл ел» еңбек жасағы кезекті еңбек маусымының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек арнайы қатысты.

Ашылуы салтанатында алғы сөз сөйлеген Дәулет Жамаубайұлы жастарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, белсенді еңбек етуге шақырды.

— «Жасыл ел» жасақтарының негізгі мақсаты — студенттер мен жұмыссыз жастардың материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу және жастарды жұмысқа орналастыру. Сондықтан сіздерге табысты еңбек пен  сәттілік тілеймін, — деді облыс әкімінің орынбасары Д. Кәрібек.

“Жасыл ел” еңбек жасағының биылғы маусымына 53,7 миллион теңге қаралған екен. Нәтижесінде, 1 мың жұмыссыз және NEET жастар маусымдық жұмыстарға тартылып отыр. Еңбек маусымы жаз кезінде ұйымдастырылады. Бұл кезеңде еңбек етуге ниет білдірген барлық студент жұмысқа орналаса алады. Қазіргі уақытта штаб құрамындағы студенттер қаланы көгалдандыру жұмыстарына атсалысуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.