Таразда жол апатын жасаған жүргізушіге қарсы жедел ұстау жоспары жарияланды

0
Таразда жаяу жүргінші қаза тапқан жол апатына кінәлі жүргізуші табылды. Соққының қатты болғаны соншалықты, 67 жастағы ер адам бөлшектеніп кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, полиция оны «жедел ұстау» жоспарын жариялауға мәжбүр болды,

Куәгерлердің айтуынша, «Лексусты» басқарған 19 жастағы жігіт тоқтамай өте шыққан. Соқтығыстан соң ол жүріп кеткен. Бірақ кейінірек ол полицияға өзі жүгінген.

Марқұм зейнеткер дүкеннен келе жатқан, жолды дұрыс емес жерден кесіп өткені белгілі. Алайда полиция қызметкерлері оқиғаның егжей-тегжейін әлі анықтап жатыр.

«Іздестіріліп жатқан жүргізуші жол-көлік оқиғасынан кейін біраз уақыттан кейін Тараз қаласының полиция басқармасына кінәсін мойындап келді. Өткен тәулікте үш ЖКО орын алды, біреуі өліммен аяқталды. Жолдарды кесіп өткен кезде, қауіпсіздігіңіз үшін Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін сақтауыңызды сұраймыз», — Тараз қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.