Алматы облысында ұлынан айырылған ана перзентінің қабірін полицияға үшінші рет қаздырмай қойды

0
Алматы облысында осыдан төрт ай бұрын, бір топ бала жабылып ұрып, жер жастандырған ұлының мәйітін үш айдан соң, полиция қайта қазғанына қарсылық білдірген ана көмек сұрайды,

Шолпан Абдрахаеваның сөзінше ұлын өліміне себепкерлер әлі бостандықта жүр. Ал полиция күдіктіні қамауға алу үшін дәлел жеткіліксіз депті. Енді тергеушілер тағы да сараптама жасату үшін марқұмды қабірден қазып алмақшы. Бірақ, қаза болған жігіттің жақындары екі сараптама өткізсе де қылмысты аша алмаған Ұзынағаш полициясына сенбейміз деп мәйтті қазып алуға рұқсат бермей отыр.

Қасиетті айда қабыр қаздырмаймын деген ана, қаңтарда қыршын кеткен ұлының қабырын құшақтап жылай берді. Қолғанатым болған жаста, ұлым кісі қолынан қаза тауып, тауым шағылды дейді.

Марқұмның денесін қайта қазып тексеруге бермейміз деген туыстары, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының құзырлы органдарына сенбейміз деп отыр. Өйткені бұған дейін де тергеушілер істі бұрмалап, қажетті дәлелдер жинай алмағандықтан күдікті әлі бостандықта жүр деп ашулы.

«Кіші ұлым екі мың үшінші жылғы. Мына балалар бес бала алдап шақырған. Біреуі шынтақпен ұрып, іш-құрылысының бәріне зақым келген. Анау Нұрғиса деген бала басынан теуіпті, үш бала куігер», — дейді марқұм баланың анасы Шолпан Абдрахаева.

Куәгерлер болса да, күдіктіні қамауға алмаған жергілікті полиция мәйітті қазып алса да, әділ шешім шығармайды деп қынжылған шешесі. Олар осы іске қатысты барлық қызметкерлерді қайта тексеру керек деп талап қойып отыр. Өйткені үй қамақта жүруі тиіс болған, күдікті Нұрғиса есімді азамат қазір тапанша ұстап, тайраңдап, бостандықта сауық құрып жүр дейді.

«Прокоротура сұрап жатыр экспертизаны. Нұрғисаның адвокаты Роза Ғазизовна, бұрын прокоротруда істеген, қазір пенсияға шыққан. Сол прокурор екеуі ауыз жаласып отыр», — дейді марқұм баланың әпкесі Жазира Абдрахаева.

Марқұмның туыстары бұл іске дәлел жетпейді дегенге сенбейді. Өйткені мәйітханадағы анықтамада, соққыдан көз жұмғанын растайтыны жазылғанын айтады.

«Сараптамадан өткіздім. Жабық бас ми жарақаты. Миына қан кетті деп диагноз қойғанбыз. Тергеуші осындай ауру тарихындағы дәрігерлердің түсініктерін, қосымша құжаттарын әкелмеуіне байланысты, сот комиссиялық сараптама дайындау керек деп шешім шығарып жазып бергенмін өз қолыммен», — дейді Жамбыл аудандық сараптама бөлімінің меңгерушісі Базарбай Бәкірұлы.

Ал тиісті құжаттарды толық жинақтамады деген тергеуші Азамат Нұрсұлтан қазір бұл істен шеттеліпті. Оның үстіне Азамат осы кісі өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген Жасұлан есімді күдіктінің туысы болуы мүмкін деген болжам бар екен. Енді Жамбыл ауданы Полиция басқрамасы бұл істі қайта қарап, дәлелдерді жинақтау керек дейді.

«Жаңағы сараптама қосымша керек дегеннен кейін біз осы экгсумацияға санкция алдық. Енді толыққанды бізде дәлеліміз жоқ, оны қамауға алатын», — дейді Жамбыл ауданы ішкі істер бөлімінің аға анықтаушысы Асхат Жанбосынов.

Жамбыл аудандық полиция басқармасымен қазір кінәлілілер анықталыпты. Алайда сотқа дейінге жасалған медициналық сараптаманың екеуінде де марқұмның қайтыс болған нақты себебін көрсетпепті. Енді туыстарының өтініші қайта қаралып, іс ары қарай тергелетін болды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.