Жылқыбаев жаңа орынбасарын тағайындады

0

 

Дәулет Әбілқайыров Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Әбілқайыров Дәулет Мақсұтұлы 1983 жылдың 18 ақпанында Жамбыл облысында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Ағылшын, Түрік, Француз тілдерін меңгерген.
📍 2004 жылы Мәскеу Халықаралық қатынастар институтын Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін Қаржы мамандығы бойынша және 2018 жылы Назарбаев Университетін Әскери әкімшілік мамандығы бойынша тәмамдаған.
📍 Еңбек жолын 2004 жылы 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің хатшысы болып бастаған.
📍 15.11.2004-10.08.2005 жж. – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігінің хатшысы;
📍 10.08.2005-05.09.2007 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы;
📍 08.01.2008-12.03.2008 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда саясатын дамыту және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру департаменті өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы;
📍 12.03.2008-02.03.2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі экономикалық саясат мониторингі секторының консультанты;
📍 02.03.2009-09.2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі экономикалық саясат мониторингі секторының инспекторы;
📍 09.2009-02.2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңесінің консультанты;
📍 02.2010-05.2005 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің өнеркәсіп секторының инспекторы;
📍 07.05.2010-15.06.2010 жж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті директорының орынбасары;
📍 16.06.2010-25.10.2011 жж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры;
📍 25.10.2011-18.02.2013 жж. – «Жылжымайтын мүлік қоры «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының корпоративтік хатшысы;
📍 18.02.2010-05.11.2013 жж. – «Жылжымайтын мүлік қоры «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының ақпараттық-талдау департаментінің директоры;
📍 05.11.2013- 21.05.2014 жж. – «ФРП» «Даму» акционерлік қоғамының мемлекетік ұйымдармен өзара іс-қимыл департаментінің басқарушы директоры;
📍 21.03.2014-25.09.2019 жж. – «ФРП» «Даму» акционерлік қоғамның басқарма төрағасының орынбасары;
📍 15.10.2019-13.04.2021 жж. – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» МЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
🔷 2021 жылдың 4 мамырынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы қызметін атқарып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.