Атырауда есірткі саудалаған 29 жастағы ер адам ұсталды

0
Атыраулық полицейлер 29 жастағы ер адамнан 5 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі,Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткілермен бетбелгілерді орнатумен айналысқан 1992 жылғы ер адамды ұстады.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды. Айта кетейік, бұл бапта үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Атыраулық полицейлер 29 жастағы ер адамнан 5 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі,

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткілермен бетбелгілерді орнатумен айналысқан 1992 жылғы ер адамды ұстады.

«Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленді. Бұл бес миллион теңге сомасына 3500-ден астам бір реттік дозаға тең келеді. Ұсталған адамның айтуынша, тәркіленген есірткіні оған басқа қаладан жеткізген», — дейді Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.