Еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды

0

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Ақтауда 5 мамырда түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

5 мамырда Атырау облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың кей жерінде шаңды дауыл болады, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында 5 мамырда түнде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Оралда желдің екпіні 18 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысында 5 мамырда кей жерде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен жел соғады, желдің күші күндіз 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде 5 мамырда түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз шаңды дауыл болады, солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші кей жерде секундына 17-22 метр жылдамдықпен соғады.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.