Мәскеуде қайтыс болған әйгілі қазақтар

0

Тарих беттеріне үңілсек, КСРО кезінде еліміздің белгілі тұлғаларының көбі Мәскеуді мойындатпаққа аттанған болатын. Алайда елге танымал  қазақтың біразы сол Мәскеуде көз жұмды. Атап айтар болсақ, Күләш Байсейітова, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезов, Шәкен Айманов, Мұрат Насыров, Батырхан Шүкенов және т.б. Олардың қазасы кездейсоқтық па, әлде Алланың жазмышы ма, белгісіз? Алайда бәрінде бір сәйкестік бар секілді.

Мәскеу
Күләш Байсейітова 1912 жылы 2 мамырда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Гүлбаһрам, қыз кезінде тегі Бейісова болған. Анасы Зибажан оны еркелетіп «Куля» деген, осылайша ол Күләш атанып кеткен. Ол бар-жоғы 24 жасында КСРО-ның Халық әртісі атанып, елінің мақтанышына айналды. Өкінішке қарай, небары 45 жасында Мәскеуге барған сапарында дүниеден өтті. Сол бір қаралы күн ел есінде. Бірақ оның қазасы туралы әртүрлі пікірлер айтылуда. Ол Мәскеуге театр декадасына барған. Сол кеште бір стакан коньяк ішкен. Артынан өзі тоқтаған Пекин қонақүйіне қайтқан. Кейін 536 нөмірдің ваннасынан табылған. Дәрігерлер оның жүрек талмасынан қайтыс болғанын жеткізді.

Ал енді бірі жақын араласып жүрген  алты адам үстінен арыз жазып, ЦК-ға шағымданғанын жазады. Бұл жайында Күләштің қызы Қарлығаш Байсейітова 2009 жылы 12 маусымда «Караванға» берген сұхбатында жазылған. «Когда маме дали почитать это письмо, ей стало плохо. «Теперь мне остается только умереть», – сказала она, вернувшись из ЦК», – дейді ол. Сол кездерде қазақтың бұлбұлы қалай болғанда да Қытайға барам деп, айтатын әндерін дайындап, киетін көйлектерін тіктіріп жүрген екен.

Мәскеу
©https://martebe.kz/

Жазушы Мұхтар Әуезов те Мәскеуде қайтыс болған. 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде, 63 жасында өмірден өтті. Бұл жайында жазушының қызы Мұғалима Әуезова естелігенде айтқан.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.