Алматыда 49 жастағы әйел оныншы қабаттан секіріп кетті

0
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, әйел 10-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кеткен.
Алматыда әйел 10-қабаттың терезесінен секіріп, қаза тапты, – деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.«Төле би көшесінің бойында, Сайран көлінің жанында. Бір қыз терезеден секіріп кетті. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр», – деп жазды желі қолданушысы.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, әйел 10-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Бұл оқиға 3 мамырда Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

«1972 жылы туған әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», –  деп хабарлады полициядан.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.